• Қазақстандық бiлiм көшбасшысының жолы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

  • Қазақстандық бiлiм көшбасшысының жолы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жетістік стратегиясы

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жүйелік тұрғыда өзгерістер енгізілу арқасында, жаһандық университеттер тізімінде ілгері нәтиже көрсетті. Дамыған ЖОО сапалы көрсеткіштерін бағалайтын QS рейтингілік агенттігінің зерттеуі бойынша, әлемдегі 800 үздік университеті қатарына Қазақстанның 9 университеті кірді. Саралу бойынша Қазақстандағы бірінші, QS рейтингі бойынша үшінші орынды иеленген ҚазҰҮ-і, 2014 жылы жалпы QSрейтингі бойынша 305-ы орынға ие болды. Мұндай маңызды нәтижеге ҚазҰУ-і, жетістік стратегиясы бойынша университет ұжымы, кафедралары, факультеттері, департаменттерінің тыңғылықты жұмыс атқаруының нәтижесінде жетіп отыр. Осыған байланысты, ҚазҰУ-і кешенді құрылымдық модернизация бойынша келесі жұмыстарды атқарды: факультеттерді кластерлік негізде дамыт;, кафедраларды ірілендіру; жүйелік басқаруды енгізу; нәтижеге бағытталу; Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар күш-қуатын келесі мақсаттар бойынша бағыттайды:

Артықшылықтары мен кемшіліктерді саралай отырып, дұрыс ұстанымды қалыптастыру

Басымдылыққа назар аудару

Университет ұжымын, оқытушыларын, студенттерін интернационалдандыру

Бағдарламалар мен жобаларды интернационалдандыру

Түлектермен екі-жақты қарым-қатынас орнату

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету

Үлгілі жоспарлау жүйесін бекіту

Бағалау жүйесін бекіту

Халықаралық мойындаушылық

about-image

ҚазҰУ бірінші болып қос дипломдық білім беру бағдарламасына көшті. Америка, Еуропа және Азия университеттерiмен бiрге қос дипломдық және халықаралық сертификаттар берілетін білiм беру бағдарламалары ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр.

Бұл дегеніміз, ҚазҰУ әлемдiк бiлiм беретiн кеңiстiкте бәсекеге қабiлеттiлiгін куәландырады.

about-image

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық академиялық ұтқырлық бойынша білім алу - халықаралық еңбек нарығында отандық бәсекеге түсе алатын жоғарғы деңгейдегі мамандарды қалыптастыру.

ҚазҰУ академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты академиялық ортада ғылыми зерттеулер, тәжiрибе алмасу, сапаны жақсарту және басқа елдердiң дәстүрлерi мен мәдениетін зерттеу.

about-image

ҚазҰУ әлемнiң ең iрi 400 университетімен сәтті ынтымақтастық жүргізуде. ҚазҰУ-да жыл сайын 150-ден астам атақты шетел ғылымдары дәріс оқып, ғылыми тәжiрибемен алмасады. Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Греция, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония, АҚШ т. б.

about-image

БҰҰ-ның әлемге танылған он қағидаттарын қолдауға арналған «United Nation Academic Impact» (академиялық ықпал) бағдарламасына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азияда бірінші болып қосылды.

2014 жылы ҚазҰУ UNAI бiрқалыпты даму сұрақтары бойынша БҰҰ жаhандық хабын басқарды. 2014 жылдың наурыз айында бiрқалыпты даму ЮНЕСКО UNITWIN бағдарламасы бойынша университет Орталық-Азиялық хаб атанды.

about-image

2012 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен БҰҰ бірқалыпты даму «РИО+20» жаһандық саммитінде, ТМД жоғарғы оқу орындар арасында ҚазҰУ ғана секция аша алды.

about-image

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТМД жоғарғы оқу орындар арасында Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Энергоэкологиялық дамудың жаhандық стратегиясы» және «Жасыл көпiр» арнаулы ойларына негізделген жеке секция ашуға құқық алды.

about-image

Университет бiрқалыпты даму ойларын жүзеге асыру бойынша G-Global тұғырында белсендi алаңға айналды.

Бірқалыпты даму мәселелерін зерттеуге жастар белсенді араласу мақсатында Колумбия университетімен бірге магистрлерді даярлайтын «Global Classroom» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

about-image

Университет Қазақстан Республикасында ЕС - TEMPUS, ERASMUSMUNDUS бағдарламалары бойынша көшбасшы болып табылады. Бұл 9 ТЕМПУС жобасы, 7 Эразмус Мундус жобасы, 3 жобада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ координатор.

Атақты түлектер

Ғылым және инновация

about-image

593 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары

about-image

Университет Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жарияланымдар санының халықаралық ғылыми журналдар рейтингінде жетекші орынға ие

about-image

Халықаралық қорлар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру

about-image

Жоғары рейтінгті Thomson Reuters журналдарындағы қазақстандықтардың әрбір төртінші мақаласы ҚазҰУ ғалымдарының еңбектері болып табылады.

Кампус және студенттік өмір

АЛМАТЫ МАҢАЙЫ

Спорттық жетістіктер

Олимпиада ойындарының чемпионы

team_foto
Ольхова Надежда
баскетбол

Баскетболдан екі дүркін Олимпиада чемпионы, Еуропаның бес дүркін чемпионы, ҚазҰУ түлегі

team_foto
Ибраимов Ермахан
бокс

2000 жылғы Олимпиада чемпионы, ҚазҰУ түлегі

team_foto
Подобедова Светлана
ауыр атлетика

2012 жылғы Олимпиада чемпионы, ҚазҰУ түлегі

team_foto
Дмитрий Баландин
Жүзу

Қазақстандық жүзуші, 2014 жылы Азиаданың үш дүркін чемпионы атанды, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы

• 2012 жылғы Лондондағы 30-шы жазғы олимпиада, 11 қатысушы, 1 алтын медаль
• Халықаралық жарыстардағы 35 жеңiмпаз
• Ұлттық жарыстарда 54 жеңiмпаз

Білім

about-image

КӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ бакалавриаттың 74 бағдарламасын, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және докторантураның жаратылыстану, техникалық ғылым, әлеуметтік ғылым, iскерлік әкiмшiлiк ету және экономика бойынша 72 бағдарламасын ұсынады.

Оқыту бойынша бағыттар

  • • Механика және Математика
  • • Физика және Техникалық жобалау
  • • Биология және Биотехнология
  • • География және Табиғатты пайдалану
  • • Химия және химиялық технология
  • • Журналистика
  • • Философия және Саясаттану
  • • Тарих, Археология және Этнология
  • • Филология, Әдебиеттану және Әлем тілдері
  • • Шығыстану
  • • Заң
  • • Экономика және Бизнес

ЖОО-ның маңызды оқиғалары

Байланыс